«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУ. «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУ. «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі

Опубликовано: 22 апреля 2019

E-R-3

 

1.Қызметі туралы ақпарат

1.1 Сектор меңгерушісі қаланың бөлім бастығынан және құрылымдық бөлімшелерден бұйрық пен қызметтік өкімдер алады және бағынады.

1.2 Сектор меңгерушісінің қол астында ММ-нің 1 бас маманы болады.

1.3 Бөлімнің сектор меңгерушісі алатын лауазымына Заңға сәйкес тағайындалады және босатылады.

1.4 Сектор меңгерушісі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңын және дене шынықтыру саласындағы нормативті-құқықтық актілерді, қала және облыс әкімдерінің өкімдерін, әкімнің бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі мен осы лауазымдық нұсқаудың ережелерін басшылыққа алады.

 

  1. Негізгі міндеттер дене шынықтыру және спорт секторы қызметіне жалпы басшылық ету және бақылау міндеті сектордың құзіретіне кіретін тиісті міндеттерді орындау жауапкершілігін жүктенеді.

 

  1. Аталған лауазым қызметі қызметкерден келесідей біліктілікті талап етеді:

 

Атауы

Талап етілетіндер

3.1 Білімі

 

 

 

3.2 Мамандығы

 

 

3.3 Мамандығы бойынша ең аз еңбек өтілі (орташа арнайы білімі болған жағдайда)

 

 

3.4 Мемлекеттік қызмет өтілі (орташа кәсіптік білімі болған жағдайда)

 

3.5 Кәсіптік біліктілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

практикалық тәжірибе болған жағдайдағы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғарғы педагогикалық

 

дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша педагогикалық.

 

жетекшілік қызметтегі жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

 

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын білу, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Әкімшілік тәртіп туралы», «Нормативті-құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарды білу, 2005 жылдың 03 мамырындағы №1567 Қазақстан Республикасы Президентінің  -жарлығымен бекітілген  2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегияларын білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Намыс кодексін, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін», «Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарау тәртібін», 1999 жылдың 2 желтоқсанындағы №490 ҚР-ның «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын білу және  аталған категориядағы қызметтер бойынша функционалды міндеттемелерді жүзеге асыруға қажет басқа да міндетті білімдер.

 

  1. Негізгі міндеттемелер:

4.1 Дене шынықтыру және спорт секторы қызметіне жалпы басшылық ету және бақылау міндеті сектордың құзіретіне кіретін тиісті міндеттерді орындау жауапкершілігін жүктенеді.

4.2 Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды бақылау.

4.3 Бапкерлік құрамды аттестациялау, спорттық разрядтарды иемдену.

4.4 Президенттік тесттердің орындалу барысына бақылау жасау және басшылық ету.

4.5 Қалалық, облыстық, республикалық, спорттық-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

4.6 Қала спортшыларының түрлі өңірлерде, облыстық, аймақтық және халықаралық жарыстарға қатысуын жоспарлау және саралау.

4.7 Дене шынықтыру және спорт саласындағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларын дайындау.

 

5 Қызметтік міндеттерді жүзеге асыруға қажет өзара қызметтік қарым-қатынас (байланыс)

 

Байланыс түрі

Жиілігі

Мақсаты

Ішкі

Бөлім бастығы

Күнделікті

Бұйрықтар, тапсырмалар, есеп берулер, ақпараттар алу.

Бөлім қызметкерлері

Күнделікті

Жұмысты ұйымдастыру, функционалды міндеттердің орындалуын бақылау.

Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының барлық деңгейлерінің қызметкерлері

Күнделікті

Ақпарат алмасулар, проблемаларды шешу.

 

  1. Құқықтары

Жүктелген міндеттерді орындау үшін «Мекемеге» келесідей құқық беріледі:

6.1  Өз құзіреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.

6.2 Белгіленген тәртіп бойынша ұйымдардан, мекемелерден, жергілікті мекемелерден мәселерді шешуге қажет ақпараттарды сұрау және алу.

6.2 Мәселелерді өздігінен шешу.

6.3 Жұмысты жоспарлау.

 

7.Берілген қызметте сектор меңгерушісі келесілерге жауапты

7.1 Өз қызметтік міндеттерін уақытылы және сапалы орындау;

7.2 Дене шынықтыру және спорт саласын дамыту мәселелерін жоспарлау және жүзеге асыру

  1. Меңгерушінің қызметін бағалау

Сектор меңгерушісінің жұмысы тікелей бастық, әкім арқылы келесідей көрсеткіштер негізінде бағаланады:

- жұмыс жоспарының орындалу деңгейі;

- дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу.

 

  1. Толықтырулар мен өзгерістер

 

 

Лауазымдық нұсқаудағы қай тармақ өзгертілді

Жаңа редакция

Өзгертілген күні

Өзгерістерді кім бекітті

 

 

 

 

 

 

 

«Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ бастығы                                                                             Ш.К.Жанасылова                                                                                                                                                             

 

 

Нұсқаумен таныстым:

 «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ сектор меңгерушісі                                                           К.Е.Тлегенов

 

Күні «____»____________ 2009 ж.