«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2018 жылда атқарылған жұмыстары туралы ақпараты

«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2018 жылда атқарылған жұмыстары туралы ақпараты

Опубликовано: 19 апреля 2019

Бүгінгі таңда Сәтбаев қаласының жалпы халық саны – 69 650 адамды құрайды, оның ішінде 20 686 жүйелі түрде спортпен айналысады, бұл 29,7%.

Сәтбаев қаласында спорттың 25 түрі бар, оның ішінде: олимпиадалық түрлері - 16, ал олимпиадалық емес - 9.

Сәтбаев қаласының мамандандырылғын Олимпиадалық резервтегі балалар жасөспірімдер мектебінде 5 спорт түрлері дамыған: дзюдо, грек-рим күресі, бокс, каратэ-до кекушинкай, жеңіл атлетика. Мектепте 828 спортшы бар, 15 – бапкер-жаттықтырушы жұмыс атқарады.

 «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешенінде 14 спорт түрлері дамыған: футбол, бокс, үстел теннисі, пауэрлифтинг, мәнерлеп сырғанау, хоккей шайбамен, жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо, каратэ, қоян-қолтық ұрыс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, мүмкіндігі шектеулі жандар спорты. Мектепте 972 спортшы бар, 16 – бапкер-жаттықтырушы және 10 нұсқаушы жұмыс атқарады.

Ерікті негізде жұмыс істейтін спорт түрлері: шахмат, дойбы, армрестлинг, стритбол, стритуоркуат, асық ату, самбо, жауынгерлік самбо, дартс, арқан тарту.

Ұлттық спорт түрлері: тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату.

Мүгедектер спорт түрлері: үстел теннисі, дартс, жеңіл атлетика.

Қалада халықты бос уақытты дамыту, тәрбиелеу және ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалуда. Бүгінгі күні 152 спорттық нысан бар.

2018 жылы «Юность» стадионын қайта құру бойынша 239 млн. қаржыға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп алдымыздағы жылдың наурыз айында экспертиза жасау жұмыстары аяқталып, қайта құру жұмыстары басталуы жоспарлануда.

2019 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық есебінен 6 ойын алаңдары (35 млн. тенге) және 2 көше тренажеры (8 млн. тенге) салыну жоспарлануда.

Сонымен қатар 2019 жылы жекеменшік 50 метрлік бассейнді жаңадан жөндеу жоспарлануда («Исмаил» ЖК).

Жыл басында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен Корпорация қызметкерлері «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешенімен келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілді.

Қалада барлық жас топтары мен әлеуметтік топтар үшін спорттық- сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралар санының көбеюіне бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. 2018-ші жылы 90 спорттық іс-шара өтіп, қамптылған саны 14 мың 823 адам құрады. 2017-ші жылы 87 спорттық іс-шара өтіп, 14 мың 763 адам қамтылған болатын. Олардың арасында:

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау ауданының құрметті азаматы Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеевтің жүлдесіне арналған ХVIIІ аймақтық шахмат турнирі өтті.

1999-2000 және 2002-2003 ж.т. академик Қ.И. Сәтбаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан халықаралық турнир өтті. Сәтбаев қаласының құрама командасы жалпылама есебінде 1 орынға ие болды.

Велоспортты дамытуға және белсенді спортпен айналысуды насихаттау мақсатымен тамыздың аяғында Сәтбаев қаласында биыл екінші рет «Салауатты болашақ үшін» атты жаппай веложарыс өтті.

8 қыркүйекте Сәтбаев қаласының 45 жылдық мерейтойына арналған алғашқы рет қаламызда ауқымды іс-шара – жартылай марафоны өтті. Басты жүлдегер 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

3-5 желтоқсан аралығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Сәтбаев қаласының Республикалық турнирі өтті.

Бұқаралық спорт түрлері бойынша мектеп лигаларын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында 15 орта білім беру мектептері арасында 12 спорт түрінен жарыстар өтті: футбол, асық ату, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және т.б..

Қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануына, дене шынықтыру және спортпен айналысуға шақыру мақсатында Спорт күніне арналған Ш. Ділдебаев атындағы мәдениет сарайында өткен жылдың қорытындылары шығарылып Сәтбаев қаласының үздік спортшылары 8 номинация бойынша марапатталады. 100 000, 50 000, 25 000 және 15 000 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.

2017 жылы Сәтбаев қаласының құрама командалары 37 облыстық жарыстарға қатысса, 2018 жылдың есепті кезенде 38 облыстық жарыстарға қатысып «Ақ қыс» спартакиадасында – 2 орын алып жақсы нәтиже көрсетті.

ССК-ң тәрбиеленушілері келесі нәтижелер көрсетті: қоян-қолтық ұрыстан Куандыков Куат Әлем Чемпионы, Шакиров Азамат Әлем Чемпионы, пауэрлифтинг және жатып сығымдаудан Грязев Артем қыркүйек айында Дубай қаласында өткен Азия Чемпионатында 2 орынға ие болды, ҚР Чемпионы атанды, Антонова Арина мәнерлеп сырғанаудан ҚР Чемпионатында 2 орынға ие болды.

МОРБЖМ-ң тәрбиеленушілері төмендегідей нәтиже көрсетті: Әбілқасым Серәлі каратэ-до Кекушинкайдан Прагада өткен халықаралық турнирде және Азия Чемпионатында 3 орын, Дударь Роман және Парамонова Екатерина жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды және Парамонова Екатерина Азия Чемпионатына қатысты, Дюсембаев Давид және Кенжебек Әділбек бокстан Түркістанда өткен халықаралық турнирде 1 және 3 орынға ие болды, Нуртазин Арсен, Батыршаев Даут, Саткен Алихан карате-до Кекушинкайдан ҚР Кубогында 1 және 2 орынға ие болды, Рахымберлі Нұрболат ҚР Чемпионатында 2 орын алып осылайша спорт шебері нормативін орындады.

Сәтпаев қаласында бұқаралық спортты дамытудың негізгі бағыттарының бірі мүгедектердің барлық топтары арасында спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады. Мүгедектердің саны 4 286-ды құрайды, оның ішінде 2155-і жеңіл жұмыспен және спортпен шұғылданады. 2018 жыл қорытындысы бойынша бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес мүгедектер арасында 7 спорттық іс-шара өткізілді.

 

Басшы                                                                   Даумбаев З.Д.