«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Стандарттар Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру

Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру

Опубликовано: 19 августа 2018

 

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
7-қосымша

 "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  1. Жалпы ережелер
  2. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз ) күн;

       2) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы шешімнің көшірмесі (бұдан әрі – бұйрық жобасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

       Құжаттарды топтамасын қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін:

      1) спорт мектебінің басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы қолдаухат;

      3) спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері немесе спорт мектебінің оқушылары спортпен шұғылданатын спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;

      4) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі.

      5) жаттықтырушы-оқытушылық құрамының санын, олардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) растайтын құжаттарды қоса беріп, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылық құрам туралы спорт мектебінің штаттық саны туралы анықтама;

      6) спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы бұйрықтардың көшермелері.

      Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін:

      1) спорт мектебінің басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектебіне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы қолдаухат;

      3) спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың немесе спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;

      4) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі;

      5) жергілікті атқарушы орган бекіткен спортпен шұғылданатын адамдардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, спорттық жетілдіру топтарының тізімдері;

      6) жаттықтырушы-оқытушылық құрамының санын, спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылық құрамның олар тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) растайтын құжаттарды қоса беріп, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, туралы, спорт мектебінің штаттық саны туралы анықтама.

      Көрсетілетін қызметті алушының осы тармақта көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған кезде қағаз тасығышта өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күнін, уақытын кқрсете отырып, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы оның көшірмесіне белгі қою болып табылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

       1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

       2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11642 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен бекітілген Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  2. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (әкімдігінің) басшысына жолданады.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) мекенжайына түскен шағымы тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қолма-қол немесе портал арқылы беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың тіркелген нөмірі мен күні көрсетіледі.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің Спорт және дене шынықтыру комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар не Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны  арқылы алуға болады.