«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Стандарттар Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу
Опубликовано: 19 августа 2018

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
8-қосымша

"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Бұйрық 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  1. Жалпы ережелер
  2. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн;

       2) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу туралы хабардар ету (бұдан әрі – төлеу туралы хабардар ету) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

       Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) спорттық жарақат алған немесе мертіккен адамның жеке куәлігінің не паспортының көшірмесі;

      3) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген халықаралық спорт жарыстарында жарақат алу және мертігу бойынша диагнозды көрсете отырып, медициналық қорытынды;

      5) спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және оңалтуға шығын құнын растайтын құжат;

      6) есеп шотының бар болуы туралы анықтама.

      Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанындағы өтініште белгі және тіркеу болып табылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

       1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

       2) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидаларында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  2. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына жолданады, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі қолма-қол, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).

       Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

       Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол немесе портал арқылы беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Жеке тұлғаның шағымында, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741100, 741394 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

 

"Спорт түрлері бойынша Қазақстан
Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері
бойынша ұлттық құрама
командалардың) мүшелеріне
олардың халықаралық спорттық
жарыстарда жарақаттар алуы және
мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін
төлеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

 

Нысан

      Кiмге ___________________________

      Кiмнен __________________________

 Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін өтiнiш

      Сiзден _______________________________________________________

      _________________________________________________.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:

      1) ___________________________________________________________

      2) ___________________________________________________________

      3) ___________________________________________________________

      4) ___________________________________________________________

      5) ___________________________________________________________

      ___________ _____________________________________

      (қолы)       (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20__ жылғы "___" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___" _____________