«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың І жарты жылдығы бойынша халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану көрсеткіші жалпы халық санынан (91027 адам) 26901 адамды құрайды - 29,5%
Опубликовано: 12 июля 2017

2017 жылдың І жарты жылдығы бойынша халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану көрсеткіші жалпы халық санынан (91027 адам)  26901 адамды құрайды - 29,5% .

Жалпы қала бойынша бұқаралық спортпен шұғылданушы жастардың саны 19802 адамды құрайды. Бұл қала халқы санынан - 22% .

Спорттық сауықтыру кешендері мен спорт мектептеріне, спорт федерациялары мен қызығушылық клубтарына қатысушы жастардың көрсеткіші  4860 адам, 5,1% . 

Қаладағы жалпы білім беретін мектептерде 65 спорттық секциялар жұмыс жасайды. Оған 6739 бала тартылған. Мектептегі спорт секцияларына аз қамтылған отбасының балалары мен көп балалы отбасылар, денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектеулі оқушылар кез-келген уақытта ата-аналарымен келіп спорттың әр түрімен тегін айналысуға мүмкіндік жасалынған.

Университет және колледждерде 32 спорттық секциялар жұмыс жасауда, оларға 1736 студент жастар қатысады.

Қалада 2017 жылдың І жарты жылдығында - 15612 адамның қатысуымен - 69 түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар өткізілді. Олар: Баскетбол, футбол, волейбол, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, Президенттік көпсайыс, асық ату, қазақ күресі, жеңілатлетика, шаңғы жарысы спорт түрлерінен мектеп лигалары мен студенттер лигасы, мерекелік спорттық іс-шаралар «Наурыз мейрамы», «Қазақстан Халықтар Бірлігі күні», «Ұлы Жеңістің 72 жылдығы», «Рәміздер күні»,Балалар қорғау күндеріне арналған және т.б. бұқаралық спорттық іс-шаралар.

Қаладағы барлық спорт алаңдары мен футбол алаңы және теннис корттарында өткізілетін жарыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шараларға еріктілерді тарту жұмыстары жалғасын табуда.

Спорт кешендері мен футбол алаңдары, теннис және хоккей корттары, сонымен қатар баскетбол және волейбол ойнауға арналған залдар мен басқа да спорт нысандарына мектеп оқушылары мен студенттерге тегін кіруге, сонымен қатар ондағы өткізілетін спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік жасалған.

Қала бойынша 24 спорт түрі өз мәресінде жұмыс жасауда. Оның 11 түрі олимпиада бағдарламасына кірген спорт түрлері, 6 түрі олимпиада бағдарламасына кірмеген сорт түрлері. 3 түрі ұлттық спорт түрлері бойынша және 4 түрі мүгедектер спорт түрлері бойынша қамтылған.

Көрсетілген спорт түрлерінен қалада әр түрлі деңгейде спорттық іс-  шаралар өткізіледі.

 Қаладағы өткізілетін спорттық іс-шаралардың дені «Металлург»

стадионы, «Ұлытау» спорт сарайы және «Спорт сауықтыру кешені» мен «Металлург» спорт кешені, «Бірлік», «Чемпион» және «Теннис», «Олимп» қызығушылық клубтарында өткізіледі.

       Сонымен қатар қаламыздағы «Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» 7 жастан 18 жасқа дейін 5 спорт түрлерінен (дзюдо, еркін күрес, бокс, футбол және баскетбол)  1027 спортшы қатысушылары бар. 

       Байдарка және каноэда есу бойынша «Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінде» 1 спорт түрі бойынша (байдарка және каноэда есу) 7 бапкер-жаттықтырушыларда тәрбиеленуші 372 спортшы бар.

       ЖШС «Спорттық сауықтыру кешенінде» 8 спорт түрі бойынша (бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, самбо, дзюдо, каратэ кекушинкай-кан, мүгедектермен жұмыс) 347 спортшы қатысады.

2016 жылдың 28 маусымдағы №18/40 Жезқазған қаласы әкімдігінің «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорттық сауықтыру кешені» КМҚК қайта ұйымдастыру туралы қаулысы бойынша «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорттық сауықтыру кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (одан әрі - Серіктестік) қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылды.

  «Жезқазған жастар және спорт қоры «OLYMP» «Таеквондо» спорт орталығы да қаламыздың бұқаралық спортын дамытуда өз үлесін қосып келеді. «Таеквондо» спорт орталығында аталған 1 спорт түрі бойынша 344 спортшы жаттығып жатыр.

        Биылғы 2017 жылдың  І жарты жылдығы бойынша қаламызда 2 -спорт шебері, 40-спорт шеберіне үміткер, 15- І спорттық дәреже және 6- басқа да дәрежелер дайындалды.

Сонымен қатар қаламыздағы спорт нысандары:

2017 жылдың маусым-тамыз айларында қаламыздың жалпы білім беретін №№ 1,10, 13 және 21 мектептерінде хоккей корттарын орнату жұмыстары қолға алынды.

Және де 2018-2019 жылдары «Street Workout» аула тренажерын орнату, Спорттық сауықтыру кешенін салу жоспарға алынып отыр.

Халық арасындағы спорттың бұқаралығын дамыту мақсатында ірі көлемдегі қалалық жарыстарын өткізу қолға алынды. Олар: 2017 жылы қала күніне арналған «Жартылай марафон», Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған спорттық жарыстар, «Аула клубтары арасындағы футболдан жарыс», «Бокстан Ауған соғысының ардагерлері А. Мамажанов пен В. Тарадайды еске алуға арналған Республикалық турнир», «Қазақ күресінен Еңбек қызыл ту орденінің иегері, ардагер ұстаз, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қ. Шыңғысовты еске алуға арналған Республикалық турнир», «Футболдан қала әкімінің жүлдесіне арналған қалалық біріншілік».

Бағыт. Әлеуметтік сала

 

Мақсат. Бұқаралық спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын және жоғарғы спорт жетістіктерін дамыту

 

 

Нысаналы индикатор

2015

2016

2017

2018

2019

2020

 1

                                2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

      1.1

Дене шынықтыру және спортпен    шұғылданатын азаматтарды қамту

  жоспар

 

25%

факт

 

28%

   25312

    адам

 

 

 

 

    жоспар

 

      29,3%

 факт

 

   29,3%

  26671

 адам

 

 

  29,5%

    29,7%

    29,9%

   30,1%

     1.2

Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты
7 ден 18 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту

     13%

  

 

       13%

     1473

   адам

 

 

13,3%

 

 13,3%

  1554

  адам

 

 

   13,4%

  13,5%

  13,6%

 13,7%

 

 

Қойылған мақсаттарға жету жолдары:

- қала деңгейінде спорттық жарыстарды өткізу (соның ішінде қалалық біріншіліктер, ашық біріншіліктер мен турнирлер, спартакиадалар), сонымен қатар, қала командаларының мүшелерін облыстық жарыстарға қатыстыру;

- жалпы білім беру мекемелерінде спортты дамыту (материалдық-техникалық база мен инфрақұрылымды дамыту;

- білім беру мекемелерінің спорт залдары мен алаңдарында тұрғындармен дене шынықтыру-сауықтыру жаттығуларын ұйымдастыруды жалғастыру;

- тұру жерлері бойынша спортты дамыту (спорт орталықтарын, типтік ДСК (дене шынықтыру-сауықтыру кешені), дене шынықтыру спорттық мекемелер, орталықтардың барлық түрлеріне ықшам аудандардың жастары мен ересектерін шақыру, спортқа деген қызығушылықтарын насихаттау);

- жасанды шөп жабыны бар спорт алаңдарын салу бөлігінде, шағын аудан аймақтарын абаттандыру бойынша қала бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру;

- аула клубтарын ашу;

- Street workout аула тренажерлерін орнату 2018-2019 жылдары ЖБ қаражаты есебінен көзделіп отыр.

- жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен сыныптан және мектептен тыс секциялық жұмысты жандандыру, мектеп ішінде және қалалық жарыстарды, жалпы білім беру мектептерінің Спартакиадаларын, спорт түрлері бойынша «Мектеп Лигаларын», «Студенттер лигаларын», «Денсаулық фестивалін» өткізу;

- салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде дене шынықтыру және спортпен айналысуды насихаттау;

- оқушы жастар мен жасөспірімдер, сонымен қатар ересек спортшылар арасында өтетін спорт түрлері бойынша жарыстар санын арттыру;

- спорт түрлері бойынша қалалық жарыстарға қызмет көрсетуге үздік спорт мамандарын тарту, сонымен қатар жарыстарда республиканың басқа қалалары мен облыс аудандарынан жетекші спортшылардың қатысуы;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ірі бұқаралық спорттық шараларды өткізу;

- қаланың үздік спорт нысандарында оқу-жаттығу жиындарын өткізумен, қаланың жетекші спортшыларын облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға кешенді дайындау.

 

       Бөлім басшысы                                                        Д.М. Муталипов