«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Опубликовано: 12 июля 2017

  БЕКІТЕМІН

«Жезқазған қаласының дене

шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі басшысы

______________ Д. Муталипов

«__» _______ 2017 жыл

 

 

«Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. Қоғамдық қатынастар жеке саласының атауы: мәдениет және спорт
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  3. Дене шынықтыру және спорт бөлімі саласында жұмыс істейтін тұлғалардың жүріп тұру (әрекет ету) қағидалары

3.1.  Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру кезінде:

азаматтар құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, азаматтар мен ұйымдардың өтінішітерін қарау кезінде бюрократиялық және әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеушілікті;

азаматтардың құқықтарын іске асыру және заңды мүдделерін қамтамасыз етудің ең қысқа мерзімін;   

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетіліуін;

көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізілуін;

азаматтың өтінішін қарау сұрақтың объективті шешілуін көздемейді деп пайымдалатын  тұлғаға жүктеу жағдайларын;

арыз берген тұлғаға немесе мүддесіне орай берлілген тұлғаға  қатысты зиян келтіретін арызға айналуын;

өтініштің іс-әрекетіне арыз жазылған лауазымды тұлғаларға жолдануын;

азаматтардың рұқсатынсыз олардың жеке өмірі, жеке және отбасы құпиясы туралы мәліметтердің жария етілу мүмкіндігін;

арызға қатысы жоқ азаматтың жеке тұлғасы туралы деректердің нақтылануын болдырмауды қамтамасыз етеді.

         3.2. өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

 құзыреттің нақты ажыратылуын және барлық ведомстволық бағынысты бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келіскен әрекет етуін;

лауазымдық өкілеттіліктерге қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен жарлықтардың шығаруылуын болдырмауды;

туыстық, жерлестік және жеке адалдық белгілері бойынша кадрлардың іріктелуі және белгіленуі жағдайларына жол берілмеуді;

меритократия қағидаттарының сақталуын;

қабылданатын шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершілікті   қамтамасыз етеді.

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жою бойынша пәрменді шаралар қабылдайды;

Қарамағындағылармен құмар ойындарын ойнаудан тартынады;

3.3. нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау кезінде:

Құқықтық актіні қабылдау құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасымен ғана көзделген жағдайларда ғана нормативтік құқықтық актінің қабылдануын;

азаматтар құқықтарын іске асыру бойынша шешім жобасын келісетін сатылардың ең аз санын  қамтамасыз етеді.

3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтап нығайтады;  

қоғамда қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтайды;

мемлекеттік билік беделінің сақталауын және Қазақстан Республикасының беделін түсіретін және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерді болдырмау, соның ішінде  сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, мемлекеттік қызметшілері үшін заңнамамен белгіленген тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын;

лауазымды өкліеттіліктерін және оған негізделген жеке және топтық және өзге қызметтік емес мүдделеріне қатысты беделді пайдалануға әекелетін әрекеттердің жасалауын болдырмайды; 

оларға белгілі болған сыбайлас жемқорлық жағдайлары тцралы  басшының және (немесе) құқық қорғау органдарының мәліметіне тез арада хабарлайды;

тікелей басшының мәліметіне пайда болған мүдделер қақтығысы, қызметтік мүдделер орындау кезінде жеке қызығушылығы, сыбайлас жемқорлыққа және сыйлықтар алуға тарту туралы хабарлайды;

әріптестері мен басшыларына белгіленген қарым-қатынастар  тәртібін бұзатын олардың риясыз қызметтік шешім қабылдауына ықпал ете алатын  құқыққа қайшы өтініштер беруден бас тартады;

қызметтік өкіліеттіліктер орындауға байланысты сыйлықтар алмайды және бермейді;

таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алуға немесе пайда түсіру мақсатында қолданылмайды;

жақын туыстық қатынастарда болып табылатын тұлғалардың (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, ағалар, әпкелер, балалар) бағынуымен немесе бақылануымен байланысты лауазымға тағайындалудан бас тартады; 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтардың бетін ашуда белсенділік танытады;

орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына сенімсіздік танытқаны туралы тікелей басшысына жазбаша хабарлайды;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің сақталуына жәрдемдеседі;

мүмкін болатын мүдделер қақтығыстарының  себептерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын және олардың салдарын жою бойынша шараларды тұрақты негізде қабылдайды;

қызметтік тәртіп пен қызметтік әдептілікті сақтайды;

басшылыққа қатысты жеке адалдық көріністеріне, олардың лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ынтасына  жол бермейді;

өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшіліік, қылмыстық жауапкершілік атқарады.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде басшыларға мериторатия қағидаттарын сақтау кеңес етіледі;

тағайындауға материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау және бақылау;

қызметке қабылдау кезінде қызметкеріне жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді түсіндіру.

жеке дара өкім шығару қызметі арқылы басшылық етеді және қабылдап жатқан шешімдер үшін джербес жауапкершілік атқарады;

өзіне қарасты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайына және олардың құқық бұзушылық жасағандарын болдырмау үшін дербес жауапкершілік атқарады.