«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Стандарттар Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
Опубликовано: 05 августа 2016 . Обновлено: 19 августа 2018

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
2-қосымша

"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.11.2015 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жалпы ережелер
  2. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.11.2015 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның дене шынықтыру және спорт саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

      көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – күнтізбелік 5 (бес) күн;

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн;

      2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген нысандары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

       Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын-ала жазбасыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызмет берушіге:

      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

      спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;

      басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

      спорт федерациясы жарғысының көшірмесі;

      спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

      спорт түрі (түрлері) бойынша қағидалар жобасы;

       аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;

       аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанында өтініште белгі және тіркеу болып табылады;

      2) порталға:

      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша қағидаларының жобасы;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.

      9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

       1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

        2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабында және (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді -  ҚР Мәдениет және спорт  министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
    қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
    шағымдану тәртібі
  2. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (әкімдігінің) басшысына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) мекенжайына түскен шағымы тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың тіркелген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 № 19 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
  2. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
    қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар не Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

 

"Жергілікті спорт
федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

       Нысан            

      Кiмге ___________________________________

      (дене шынықтыру және спорт саласындағы

      _________________________________________

      жергілікті атқарушы орган басшысының

      _________________________________________

               лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты

             (болған жағдайда) 

      Кiмнен __________________________________

      (жергілікті cпорт федерациясы басшысының

      _________________________________________

      немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)

      _________________________________________

      (мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)

 Аккредиттeу өткізуге өтiнiш

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.11.2015 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Сiзден ________________________________________________________

                     (мәртебесін көрсете отырып, спорт федерациясының атауы)

      _____________________________________________________________________

      аккредиттеу өткізуді сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________

      4) ____________________________________________________________

      5) ____________________________________________________________

      6) ____________________________________________________________

      7) ____________________________________________________________

      8) ____________________________________________________________

      9) ____________________________________________________________

      10) ___________________________________________________________

      11) ___________________________________________________________

      "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде

      қамтылған заңмен қорғалатын, құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Мөр орны ___________ __________________________________________

                        (қолы)   (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___" ___________

      Тiркеу нөмiрi ____________________________________

      _______________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)

 

"Жергілікті спорт
федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

       Нысан            

      Кiмге ___________________________________

      (дене шынықтыру және спорт саласындағы

      _________________________________________

      жергілікті атқарушы орган басшысының

      _________________________________________

               лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты

             (болған жағдайда) 

      Кiмнен __________________________________

      (жергілікті cпорт федерациясы басшысының

      _________________________________________

        немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)

      _________________________________________

      (мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)

 Куәліктің телнұсқасын алу (қайта ресімдеу) туралы
өтiнiш

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.11.2015 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Сiзден ________________________________________________________

                          (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беруді (қайта ресімдеуді)

      сұраймын.

      "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде

      қамтылған заңмен қорғалатын, құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Мөр орны ____________ _________________________________________

                        (қолы)   (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ___________________________________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___" _____________

      ______________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)