«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Стандарттар Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу
Опубликовано: 05 августа 2016 . Обновлено: 19 августа 2018

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
1-қосымша

"Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 № 19 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жалпы ережелер
  2. "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – күнтізбелік 5 (бес) күн;

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

       2) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

       Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

       2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

       3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

      спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;

       басқарудың атқарушы органының жеке басшылық құрамы туралы мәлімет;

      спорт федерациясының жарғысы;

      Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын құжат және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;

      Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын құжат және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - паралимпиадалық спорт түрі бойынша спорт федерациялары үшін;

      Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін растайтын туралы құжат және Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжат – ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;

      спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

      спорт түрінен (түрлерінен) қағидалар жобасы;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.

       Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      2) порталға:

      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке басшылық құрамы туралы мәлімет;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын құжат және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын құжат және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - паралимпиадалық спорт түрі бойынша спорт федерациялары үшін;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін растайтын туралы құжат және Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжат – ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) қағидалар жобасы;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

       Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

       Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт  министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

       1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

       2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабында және (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет көрсетілетін қызметті алушының келісімі туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның берілген теріс жауабы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт  министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1.   Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  3. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына жолданады, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.

       Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

       Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

       Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт  министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
  3. Тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкер жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт  министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт  министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741398, 741386 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт  министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

 

"Республикалық және өңірлік спорт
федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

            Кiмге ______________________________

      (дене шынықтыру және спорт саласындағы

      ____________________________________

      уәкiлеттi орган басшысының лауазымы, тегi,

      __________________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

            Кiмнен ____________________________

      (республикалық (өңірлік) cпорт федерациясы

      ____________________________________

      басшысының немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің

      ____________________________________

      аты (болған жағдайда) (мекенжайы, телефоны,

      ____________________________________

       электронды поштасы)         

 Аккредиттеу өткізуге куәлік беруге
ӨТIНIШ

      Сiзден ________________________________________________________

                  (мәртебесін көрсете отырып, спорт федерациясының атауы)

      __________________________________________________________________

      аккредиттеу өткізуді сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________

      4) ____________________________________________________________

      5) ____________________________________________________________

      6) ____________________________________________________________

      7) ____________________________________________________________

      8)_____________________________________________________________

      9)_____________________________________________________________

      10)____________________________________________________________

      11)____________________________________________________________

      "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

      Мөр орны___________ _____________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___" _____________

      ______________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

"Республикалық және өңірлік
спорт федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

            Нысан

      Кiмге ______________________________

            (дене шынықтыру және спорт саласындағы

      __________________________________________

      уәкiлеттi орган басшысының лауазымы, тегi,

      ____________________________________

      аты,әкесінің аты (болған жағдайда)

      Кiмнен _____________________________

             (республикалық (өңірлік) cпорт

      ____________________________________

      федерациясы басшысының немесе өкiлiнiң тегi,

      ____________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________

      (мекенжайы, телефоны, электронды поштасы)

 Куәліктің телнұсқасын алу (қайта ресімдеу) туралы
ӨТIНIШ

      Сiзден ________________________________________________________

                      (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)

      аккредиттеу туралы куәлігінің телнұсқасын беру (куәлікті қайта ресімдеуді) сұраймын.

      "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

      Мөр орны ___________ _____________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" __________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___" _____________

      ______________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

"Республикалық және өңірлік
спорт федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      __________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті алушының

      __________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________

      не ұйымының атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

        "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

       Жоқ құжаттардың атауы:

       1)_______________________________;

       2)_______________________________;

       3)....

      ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:________________ _________

                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Орындаушы: __________________________________________ _________

                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      (қолы)

      Телефон ____________________

      Алдым: ______________________________________________ _________

                    (көрсетілетін қызметті алушының           (қолы)

                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "___" _________