«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

Опубликовано: 06 декабря 2015 . Обновлено: 18 декабря 2015

«Сәтбаев қаласының дене

шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ережесін бекіту туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына  және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №02/01 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы  № 01/04 «Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы» қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

  1. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Кимге жүктелсін.

         4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                                                                                               Ә.С.Омар 

 

Сәтбаев қаласы әкімдігінің

2015 жылғы  24 ақпандағы № 05/07

қаулысымен бекітілген

 

«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

 

  1. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардын  тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
  8. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 үй, индекс 101302.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  12. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің фунциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберілсін.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

 

  1. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
  2. Міндеттері:

қала аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан қала құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тестінің орындалу жұмыстарын бақылау және ұйымдастыру. «Дене шынықтыру және спорт туралы» заннамасының 31 бабы.

спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.

  1. Функциялары:

қаланың дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;

Сатпаев қаласы аймағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;

аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық, қалалық, облыстық спорттық жарыстарды өткiзедi;

спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;

қала аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;

мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;

спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;

қала аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

қала аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;

аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша қалаланың құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;

ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;

қалалық спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады;

аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен әзірленген қалалық спорттық жарыстардың ережелерiн (регламенттерiн) бекiтедi;

мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүліктерді берудi қамтамасыз етедi;

мекеме құзыретінің шегінде әкім және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;

құзырет шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық мекемелерде мемлекет мүдделеріне өкілдік етеді;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;

дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;

заңнамамен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

                                          

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

 

  1. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымына қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;

тікелей қала әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;

дара басшылық қағидасында әрекет жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметін мәселелерін өз еркімен шешеді;

өз құзіреті шегінде мекеменің қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

өз құзіреті шегінде барлық қызметшілерге міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;

қызметшілерге ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;

қызметшілердің өкілеттіліктерін анықтайды;

жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте материалдарды сұрайды және алады;

мүдделі мекемелерді тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;

мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;

келісімдер жасайды;

сенімхаттар береді;

мекеменің іс-сапарлар, тәжірибе алмасу, республикалық және шет елдік оқу орталықтарына және біліктілікті көтерудің басқа да түрлері бойынша мекеме қызметшілерін оқытудың және біліктіліктерін арттырудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;

Қазақстан Республикасының заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

 

  1. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

 

 

  1. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.