«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Басшының блогы Басшы туралы

Басшы туралы

Опубликовано: 06 декабря 2015 . Обновлено: 20 февраля 2018

«Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Даумбаев Зухрап Джумабекович

Жезқазған қаласында 1983 жылы 9 қазанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді (2005).

Кәсіби тәжірибесі:

2001-2003 жылдары – Қарағанды қаласы, самбодан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы;

2003-2004 жылдары – Жезқазған қаласы, мәдени-сауықтыру спорттық кешенінің самбодан жаттықтырушы-оқытушысы;

2004-2010 жылдары – «Қазақмыс корпорациясы» АҚ қарамағындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ЖМ дзюдодан жаттықтырушы, 04.02.2004 жылдан 15.04.2010 жылға дейін жаттықтырушы-оқытушы болып ауысты;

2010-2011 жылдары – «Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру спорттық орталығы» КМҚК директоры;

13.06.2011-15.08.2011 жылдары – «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ дене шынықтыру және спорт секторы басшысының міндетін атқарушы;

2011-2015 гг. – «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ дене шынықтыру және спорт секторы басшысы;

2015 жылдан бастап – «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт» ММ басшысы.

Үйленген, үш баланың әкесі.

Функционалдық міндеттері: бөлім қызметін бағыттау және міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету; бөлімнің жұмыс жоспарларын орындау, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, жарлықтарының, қала әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, әкімдіктің қаулы, жетекшілік ететін мәселелер бойынша әкімшілік құжаттардың орындалуын бақылау, ақпараттық материалдарды, қаулылардың жобаларын, шешімдер, бұйрықтар дайындау, ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жүргізу үшін жұмыстар жасау.

Кездесу жүзеге асырады

Қабылдау уақыты: жеке тұлғалар үшін - сәрсенбі 10:00 ден 12:00 сағатқа дейін.